Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынының көлігінен қару табылды

Шымкент тұрғынының көлігінен қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 ақпанда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қ.Төлеметов көшесінің бойында 25 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Daewoo Gentra көлігін тоқтатқан.

Көліктің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Көлікті қарау кезінде жүк салғыш бөлігінен қару тәркіленіп алынды.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар берді. Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін күдікті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ, күдіктінің қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру