БҚО-да ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚР Полиция күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
22 маусым күні Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында өткізілген мерекелік іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары, жеке құрам және сала ардагерлері қатысты. Мерекелік іс-шараның ашылу сәті Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Одан соң Батыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Аскар Тлегенов салтанатты түрде қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге алғашқы арнаулы атағын қызметкерлерге табыстады, сонымен қатар жас қызметкерлердің ата-аналары мен ардагерлер марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімі құқығымен бірқатар департамент қызметкерлерін медаль мен грамоталарды табыстап, мерекемен құттықтады. БҚО бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесі төрағасы сөз сөйлеп департамент қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.