БҚО-да түзеу мекемесінің қызметкерлері ревакцинациядан толықтай өтті
БҚО-да түзеу мекемесінің қызметкерлері ревакцинациядан толықтай өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта БҚО-да ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінде аттестатталған және жалданбалы қызметкерлер 100% ревакцинациядан өтті.
- Ревакцинация – бұл вакцинациядан кейін алынған иммунитетті қолдауға бағытталған қайта егу. Зерттеулерде көрсетілгендей, вакцинациядан кейінгі иммунитет уақыт өте келе төмендейді және вирус туралы "еске түсіру" үшін инъекцияны қайталау керек, - дейді мекеме басшысы.
Еске сала кетейік, елімізде өткен жылы 22 қарашада халықты қайта вакцинациялау науқаны басталды.