Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында есірткі жасырушы ұсталды

Степногорск қаласында есірткі жасырушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша, ІІО есебінде тұрған, Степногорск қаласының бұрын сотталған тұрғыны есірткіні жасыру арқылы психотроптық заттарды таратумен айналысатыны белгілі болды, – деп атап өтті ЕҚҚІҚБ бастығы Мейрам Жапбасов.

Жедел ақпаратты іске асыру кезінде қаланың шағын аудандарының бірінде тәртіп сақшылары күдікті ер адамды ұстады, одан психотропты заты бар төрт полиэтиленді түйіншек, шамамен a-PVP тәркіленді.

Содан кейін ұсталған адам өзі жасаған есірткіні жасырған орындарын көрсетті. Нәтижесінде 11 “қойма” орнатылып, 12 жасырынған есірткі алынды. Барлық алынған есірткі құралдары бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама қорытындысы бойынша қайта сараптау туралы шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру