Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да жалған дипломмен жұмысқа тұрған медбике анықталды

Батыс Қазақстан облысында жалған дипломмен жұмысқа тұрған медбике анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақала аудандық ауруханасына 37 жастағы әйел медбике ретінде жұмысқа орналасқан. Бірақ оның медициналық білімі туралы дипломы жалған екені анықталды.

1984 жылы туған Ш. есімді азаматшаға қатысты жалған диплом туралы Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры аудандық полиция бөліміне хабарлады. Аталған азаматша 2012 жылдан бері Жаңақала аудандық орталық ауруханасында жұмыс істеп келген, кейін тексеру барысында оның білімі туралы диплом жалған екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру