Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД бастығы 2022 жылдың І тоқсанын қорытындылады

Өңірдің бас полицейі облыстағы криминогендік жағдай мен ішкі істер органдарының 2021 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмысының нәтижелерімен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Махсудхан Аблазимов өз баяндамасында тіркелген қылмыстардың төмендегенін жеткізіп, кісі өлтіру, қарақшылық, есірткі қылмыстары, алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, соның ішінде мал ұрлығы бойынша қылмыс түрлеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Полиция бөлімшелерінің қылмыскерлерді іздестіру, қылмыстарды тергеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігінің жай-күйі, мемлекеттік қызметтер көрсету, БҚО полиция қатарындағы тәртіп пен заңдылық бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша БҚО Полиция департаменті республикада ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда алдыңғы қатарда (3-орын).

Орын алған қылмыстар бойынша 37,8%-ды бөтен мүлікті ұрлау, 19,6%-ды алаяқтық, 3,4%-ды есірткі қылмысы, 2,5%-ды тонау, 1,7%-ды көлік құралдарын ұрлау, 0,9%-ды денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері, 0,4%-ды кісі өлтіру, 0,3%-ды бопсалау, 0,2%-ды зорлау, 0,1%-ды қарақшылық құрады.

Департамент бастығы тұрғындардың сұрағына жауап берді. Азаматтарды полиция қызметіне, қылмыстық істерді тергеуге, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауға қатысты түрлі мәселелер қызықтырды. Махсудхан Аблазимов барлық проблемалық мәселелерді жеке бақылауға алып, оларды шешу бойынша тиісті бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру