БҚО тұрғынынан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
БҚО тұрғынынан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
45 жастағы азаматшаның басқаруындағы Opel Corsa автокөлігі тоқтатылды. Тінту кезінде сөмкесінен изолентамен оралған түйін, сондай-ақ 74 дана мөлшерінде ерекше иісі бар сұр-сары түсті ұнтақ заты бар оралған пакет табылды.
Азаматшаның тұрғылықты жерін тінту барысында құрамында есірткі бар препараттарды одан әрі сату мақсатында 60 дана мөлшерінде түрлі түсті электр таспасы, 5 пакет полиэтилен зип-пакеті, екі жаңа электронды таразы, ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ заттың іздері бар таразы, алты металл шәйнек, жеті пакет металл магнит, екі өлшеуіш қасық және шпатель, оралған ұнтақ заты бар 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар үш контейнер және сұр түсті ұнтақ заты бар үш контейнер, сондай-ақ есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес, тәркіленгендер аса ірі мөлшерге жатады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Абдрахманов түсіндіргендей, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде көзделген.