Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да өткен жылы жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 105 фактісі тіркелді

СҚО-да өткен жылы жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 105 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында былтырғы жылы адамдар зардап шеккен 382 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 105-і жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Бұл жол-көлік аппаттарында 9 адам қаза тауып, 109 адам дене жарақаттарын алған. 42 фактіде жаяу жүргіншілер жолды бегіленбеген жерден кесіп өтпек болған. 12 ай ішінде өздерінің абайсыздығынан 3 адам қаза тауып, 42-сі түрлі дене жарақаттарын алған.

– Осындай фактілердің жартысынан астамы облыс орталығында болған, мұндай – 25 факті. Өйткені мұнда көлік қозғалысы көп. Көп жағдайда қала тұрғындары уақыт үнемдеу мақсатымен жол жүрісі қағидаларын бұзып, өмірлеріне қауіп тудырып жатады. Мұндай фактілер көбінесе адамдар көп жиналатын орындарда болады. Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу – осы сияқты фактілерді анықтау барысындағы полиция қызметкерлерінің басты мақсаты. Жыл басынан жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары – велосипедшілер, электросамокаттардың иелері және көлік құралына жатпайтын басқа да қозғалыс құралдарына 6873 хаттама толтырылды. Жол қозғалысы қатысушыларының жолдағы тәртібі ғана қайғылы оқиғалардың алдын алады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жолдың рұқсат етілген орындарынан өтер кезде де сақ болуды ескертеді. Көлік жүргізушілерінің барлығы жол беріп жатқандығына көз жеткізген жөн. Бұл, әсіресе, қыс мезгілінде өзекті. Өйткені жылдамдығы жоғары көлік құралы тоқтай алмай қалуы мүмкін. Құлаққап киіп, жалбағайын көтеріп алған жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға ерекше қауіп төнеді. Олар айналасындағыны көрмей, көлік дабылын естімей қалуы мүмкін. Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысының қатысушыларынан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды және кәмелетке толмаған балаларға көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріп-тұруды үйретуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру