Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Браконьер” шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды

Флора мен фауна объектілерін заңсыз алу фактілерін болдырмау мақсатында ІІМ жыл сайынғы “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Үш мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері 300 млн теңгеден асты.

– Табиғи ресурстарды, жануарлар әлемін, жер қойнауын, балық немесе орманды бақылаусыз пайдалану өңірдің эко-жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.

Заң бұзушылықтың куәсі болған кезде азаматтық белсенділік танытып, тез арада 102 пультіне хабарлауды сұраймыз. Мүмкіндік болған кезде дәлел ретінде пайдалану үшін құқық бұзушылық фактісін фото және бейнеге түсіруді сұраймыз, – деді ҚР ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру