«Браконьер» ЖПІШ: Қызылорда облысында 44 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында «Браконьер» ЖПІШ барысында 44 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 44 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 30 дерек анықталды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1,2,3,4-бөліктері бойынша 7 факт тіркелді.
Сырдария ауданында бір заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Рейд кезінде облыс тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 4 аңшы мылтығы анықталып тәркіленді. Анықталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.