Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабай жедел уәкілдері бір тәулікте екі ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Бурабай жедел уәкілдері бір тәулікте екі ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда Бурабай АПБ полиция бөліміне Бурабай кентінің қоғамдық тамақтану орындарының бірінің әкімшісінің ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті. Өтініш берушінің айғақтары бойынша 2 тамызға қараған түні құлыпты бұзу арқылы белгісіз адам кафеден «Микшер» музыкалық аппаратураны ұрлап кеткен. Шығын сомасы 180 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Шығыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Курортты кенттегі туыстарында тоқтаған ол сол күні жағажайда 46 жастағы туристтен телефон ұрлап әкеткен.

Аталған фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру