Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұзақылық жасаған күдікті 15 минут ішінде ұсталды

Талдықорған полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні 15 минут ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 қаңтарында Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне сағат 13.15 шамасында Еркін ауылының 44 жастағы тұрғыны ұрып-соғу дерегі жайында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Дереу бағдарланған «Бүркіт-152» патрульдік полициясының экипажы 15 минут ішінде Талдықорған қаласы Өтенай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып табылатын, қылмыс орнынан қашып кеткен ер адамды ұстады.

Ұсталған адам жәбірленушіні ұрып-соққанын мойындады және жәбірленушінің аяғын алып тастау туралы ескертуге дұрыс жауап қайтармағанын жеткізді. Енді ашуға бой алдырған азамат өз әрекеттері үшін сотта жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру