Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жылдық мереке қоғамдық жұмысқа тартумен аяқталды

Ақтау қаласының тұрғыны үшін мас күйінде дүкенге бару қоғамдық жұмысқа тартуға әкеп соқтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД хабарлағандай, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жасаған ескертуіне аталған азамат жауап ретінде балағат сөздер айтып, қарсылық көрсеткен. Кейін бұл азаматтың қатты мас күйде екендігі белгілі болды.

Осылайша, өзінің бұзақылық әрекеті үшін аталған азамат Ақтау қалалық сотының үкімімен 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылды.

– Қазіргі таңда аталған азаматқа қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес тағайындалған жазаны орындау үшін тиісті аумақ бөлініп берілді, – деді Маңғыстау облыстық пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру