Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер екі жастағы балақайдың арманын орындады

Маңғыстаулық полицейлер екі жастағы балақайдың арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында “Instagram” әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда ол полиция қызметкері болуды армандайтын және нағыз патрульдік көлікке мінгісі келетін екі жасар ұлының қалауымен бөліскен болатын.

Иса полиция қызметкері болуды армандайды, бірақ бәрінен бұрын оған полиция қызметкерлері мен олардың көліктерінің жарқылдақ шамдары ұнайды.

Полицейлер баланың анасының өтінішін жерге қалдырмай, балаға ғажайып көңіл-күй сыйлауды жөн көрді. Араға көп күн салмай баланың мекенжайына патрульдік полиция көлігін басқарған Ақтау қаласы ПБ ЖПҚ взвод командирі Айдар Абутханов барды. Иса анасымен бірге үйінің есігінің алдына шыққанда қатты таң қалды.

Полицейлер балақайды анасымен бірге қызметтік көліктеріне отырғызып, қаланы аралап, оларға патрульдік автокөлікпен естен кетпес экскурсия ұйымдастырды.

Кешкілік олар патрульдік полиция жеке құрамының күн сайын өткізілетін саптық жиынына барды. Күн сайын полицияның үлкенді-кішілі ойыншық көліктерімен ойнайтын бала кенеттен полицейлердің нағыз автокөліктерінің ортасына түскенде ерекше сезімге бөленді.

Одан бөлек, кішкентай Иса үшін бұл күннің ұмытылмастай болғанын қалаған патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Есмұхан Төреғалиев балаға ойыншық полиция машинасын және тәтті сыйлықтарды табыс етті.

Исаның анасы полиция қызметкерлеріне арнайы уақыт бөлгені және керемет сыйлықтары үшін алғысын білдірді. Балақай полция қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

– Балалардың тілектерін орындау өте маңызды және жауапты іс, әрі полиция қызметкерлерінің тараптарынан бұл әрекет әсерлі де. Кішкентай Исаның үлкен арманының орындалуына тілектеспін, – деді Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру