Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Дабылды сканерлеп, көлікке кірген»: Ақтөбеде ұры қолға түсті

Ақтөбеде көліктен заттар ұрлаған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың маусым айының соңында Ақтөбе қалалық ПБ №3 қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан оның автокөлігінің салонынан мүлікті ұрлау туралы арыз келіп түсті. Жәбірленуші К. Нокин даңғылында орналасқан «Юрта саябағының» жанында тұрған белгісіз адам оның көлігінен ұялы телефон, ерлер әтірін ұрлап кеткенін түсіндірді. Материалдық шығын сомасы 80 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері бұл қылмысқа 31 жастағы қала тұрғыны қатысқанын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам дабылды сканерлеп, көлікке кірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру