Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да пробация қызметкерлері көркемсөз оқу байқауын өткізді

ШҚО-да пробация қызметкерлері “Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан” тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде қазіргі уақытта 170-ке жуық сотталған есепте тұр, оның 20-ға жуығы әйелдер.
Негізінен олар ұялы телефондарды ұрлау, тонау, алаяқтық бойынша есепте тұр. Есепке тұрған сотталушылар арасында пробация қызметі инспекторларымен “Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан” тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Бұл байқаудың басты мақсаты – сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу, Елорданың нышанымен, Қазақстан Республикасы Президентінің “Астананы көшіру туралы” Жарлығымен, оның мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, қазіргі заманғы келбеті мен жетістіктерімен таныстыру, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның жетістіктері сотталушылардың бойында патриоттық сезімді, елге және адамдарға деген құрмет сезімін ояту, сүйіспеншілікті нығайту және Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Олар өз композициясы бойынша, кейбірі –  парақтан, біреуі – есте сақталған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

– Сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуы – пробация қызметі жоспарлаған, Елорда күніне орайластырылған көптеген тәрбиелік шаралардың бірі, – деді Семей қаласы Әуезов ауданық ПҚ бастығының орынбасары Эрик Усербаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру