Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда 12 млн теңгенің электр бөлшектерін жымқырғандар анықталды

Кентау полицейлері 12 миллион теңгенің электр бағанасының жабдықтарын жымқырған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жарықпен қамтамасыз ететін мекеменің бірі белгісіз біреулердің жол бойында орналасқан электр бағанасының жабдықтарын жымқырып жүргенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгені құрайды.

Аталған жайтты кентаулық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, жедел уәкілдер тобы оқиға болған жерге бет алды. Содан тәртіп сақшылары 10 күн бойы қылмыскерлерді анықтау мақсатында түрлі іздестіру жұмыстарын жасады. Нәтижесінде полицейлер күдікті деп танылған екі ер адамның ізіне түсіп, оларды полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдіктілердің біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болса, бірі Түркістан қаласының тұрғыны. Сонымен қатар кентаулық полицейлер күдіктілердің жымқырған электр бөлшектерін жарты бағасына сатып жібергенін растады. Күдіктілер өз арам ойын жүзеге асырып, ақшаны қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Бүгінде күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындады. Полицейлер күдікті екеудің сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру