Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәмханада бұзақылық жасаған шымкенттіктер ұсталды

Түркістан облысында полицейлер жол бойындағы дәмханада бұзақылыққа қатысы бар күдіктілердің барлығын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсан шамамен сағат 22:15-те Сарыағаш АПБ-ға аудандық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсеткен.

Ал Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері аталған жайтты СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркеді. Ақпаратты алғаннан кейін полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына бірден шықты. Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, жол бойындағы кафелердің бірінде келушілер арасында ерегіс болып, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған, яғни қарақшылық үшін айыпты болған жәбірленушінің өзі ауруханаға барып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ал күдіктілер болса автокөлікке мініп, оқиға орын алған жерден қашып кеткен.

Департаменттің криминалдық полициясы мен Сарыағаш АПБ тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын арнайы жедел топ 10 күннен астам уақыт бойы күдіктілерді ұстау бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Сол уақыт ішінде полицейлер аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын тексерді. Қажетті деген шаралардың барлығын іске асырды. Ұсақ бөлшектерден қиыстырып сол күнгі оқиғаны құрастырды. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жедел топ бұзақылыққа қатысы бар күдіктілердің барлығын қолға түсірді. Олар үшеуі  Келес ауданының және біреуі Шымкент қаласының жергілікті тұрғындары болып шықты. Төртеуі де жұмыссыз тұрғындар. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру