Дәмханада екі әйел төбелесіп қалды
Көкшетау дәмханасында екі әйел төбелесіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы жергілікті тұрғынның сағат 03:00 шамасында белгісіз әйел оған дене жарақатын салғаны туралы өтініші келіп түсті. Өтініш беруші – дәмхананы жалға алушы. Ол бейтаныс әйелдер келген кезде мекемеде болған. Олардың бірі би алаңында жанжал кезінде өтініш берушіге мойын мен бас аймағына дене жарақатын салған.
Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Көкшетау қаласы Полиция басқармасының анықтаушылары ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.