Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Департамент бастығы тұрғындарды онлайн қабылдады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде онлайн режимінде қабылдау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Шаймерден Ескенкелдиев тұрғындарға сұрақтарын онлайн жолдауын өтінді. Алғашқы байланысқа шыққан адам ЗК-169/1 тергеу изоляторында  қамауда отырған  туысының  жағдайына алаңдаулы болғандықтан, карантин режимін қашан алынатындығын сұрады. Бұл сұрақ бойынша департамент бастығы ҚР Бас мемлекеттік санитарының қаулысына сәйкес жүзеге асатындығын айтты.

Келесі сұрақты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушінің әйелі қойды. Ол осы мекемеде жазасын өтеуші жолдасына рақымшылық болатындығы немесғ болмайтындығын сұрады. 

– Рақымшылық туралы заң жобасы  қолданысқа енгізілмеген, енген жағдайда аталған сотталғанның ісі осы заңға сәйкес келсе, іс- құжаттары жергілікті сот органдарына жолданады, – деп жауап берді департамент бастығы.

Бүгінгі таңда,  ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде 10 кәсіпкер жеке ісін ашқан. Қазіргі  уақытта  қарантин режимінің сақталуына байланысты,  мекеме аумағында өндіріс орындарының ашылуы тоқтап тұр. 

Бүгінгі онлайн байланыстағы сұрақтардың көпшілігі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен туыстары “Skype” арқылы сөйлесу үшін қандай мүмкіндік қарастырылғандығы жөнінде болды.

 Ш.Есенкелдиев мырза бұл сұраққа нақты жауап берді. Карантин режиміне байланысты сотталғандар, айыпталушылар мен тергеу қамауындағылармен кездесу “Skype”  жүйесі арқылы әлі жүргізіліп жатыр. Жүргізу реттілігі бойынша заңды өкілі не болмаса адвокаты, арнайы есепке алу бөлімі қызметкерлерінің электронды поштасына жеке куәлігінің көшірмесін жолдайды. Өтініш түскен соң, талон беріледі. Осы талон реті бойынша екі сағат көлемінде онлайн сөйлесуге мүмкіндік алады.

Тұрғындар департамент бастығы мен мекеме қызметінің жұмыстарына алғысын айтып, ризалығын білдірді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру