Дина Сатыбалдина: «Полицияда қызмет етуді армандайтынмын»
Дина Сатыбалдина – 6 баланың анасы. 20 жылдан астам уақыттан бері ІІО-да қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда Талдықорған қалалық полициясының ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы лауазымында қызмет ететін көпбалалы ана жайлы Polisia.kz. редакциясы ақпарат ұсынады.
Дина Сатыбалдина еңбек жолын Ақсу ауданының полициясында бастаған. Дина штаб инспекторы, талдаушы, ювеналды полиция инспекторы, тіпті тергеуші де болып жұмыс істеп үлгерді. Білімі – жоғары (2005 жылы Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын бітірген).
39 жастағы полиция қызметкері Нұрсұлтан, Аллан, Арлан, Шыңғыс, Адина және Адия атты алты баланың анасы. Ең үлкені – 16 жаста, ал кішісі Адия – бір жарым жаста. Бір қызығы, батыр ана мәртебесіне ие болған әйел ресми түрде ешқашан бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықпаған.
– Мен әрқашан полицияда қызмет етуді армандайтынмын. Алдыма мақсат қойып, ҚР ІІМ Семей қаласының Заң колледжіне түстім. 2002 жылы оқу орнын тәмамдаған соң, еңбек жолын Ақсу АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы болып бастадым. Менің өмірімде күйеуім мен балаларымның қолдауы үлкен рөл атқарады. Әрине, өмірде жұмысқа байланысты қиын сәттер кездеседі. Бірақ мен үйге келгенде барлық мәселелерді сыртта қалдырамын. Өйткені, мен азаматымның жан жарымын, ал балапандарымның анасымын. Менің өмірімде екі рөл бар – жұмыста байланыс инспекторымын, ал үйде сүйікті әйел мен асыл анамын, – деді Дина Сатыбалдина.