Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ЖБО бейнекамерасы арқылы мас жүргізуші ұсталды

Ақтауда ЖБО бейнекамерасы арқылы мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурыз күні сағат 02:30 шамасында Ақтау қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 9-шағын ауданындағы 25 үйдің маңындағы жолда Lada Kalina көлігі тоқтатылды. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізушіні тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғандығы белгілі болды.

Одан бөлек, 2020 жылы Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен 37 жастағы құқық бұзушының жеті жылға автокөлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру