Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полициясында “Динамо” спорт кешенінің тұсауы кесілді

Ақтау полициясында “Динамо” спорт кешенінің тұсауы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қызметтік іссапарын киелі өлке — Маңғыстаудан бастаған болатын. Тұрғындармен есептік кездесу өткізіп, өңір полициясының жұмысымен етене танысты. Сондай-ақ М. Ахметжанов сапар барысында облыстың бас полицейі Аян Дуйсембаевпен бірге Ақтау қаласы полиция басқармасындағы “Динамо” дене шынықтыру спорт кешенінің тұсауын кесті.

Ашылу салтанатынан кейін ішкі істер министрі спорт кешенін аралап, өзі де тренажер құрылғыларын жіті тексерді.

Сондай-ақ оқатар қару мен пневматикалық қарудан ату жаттығулары мен дайындықтарын жүргізуге арналған тир алаңы да бар.

Спорттың әр адамның өмірінде алатын орны ерекше. Құқық қорғау саласында да қызмет пен спортты қатар алып жүрген үздіктер аз емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру