Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны YouTube арқылы алаяқтың құрығына түскен

Ақтөбе қаласының тұрғыны YouTube арқылы алаяқтың құрығына түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленуші YouTube қосымшасы арқылы қолма-қол ақшаны көбейту туралы жарнаманы көріп, сұраныс қалдырған. Біраз уақыттан кейін оған онлайн-сұхбаттасушы хабарласып, “RCB COIN” парақшасына тіркелуді ұсынған. Азамат өз табысын 400 АҚШ доллары көлеміндегі жағымды бонуспен ұлғайту үмітімен осы сайтқа тіркелген. Нәтижесінде шамамен бір млн теңгесін жоғалтқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Құрметті азаматтар, алаяқтардың бизнесі адамдардың сеніміне негізделгендіктен, қоршаған әлемге деген оптимистік көзқарастарды қайта қарау керек. Есіңізде болсын, қазіргі уақытта интернетте көптеген алаяқ жұмыс істейді, – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру