Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысындағы ҚАЖ мекемесіне ҚБК және ҚАЖК өкілдері барды

Алматы облысындағы ҚАЖ мекемесіне ҚБК және ҚАЖК өкілдері барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссия төрағасы Ардақ Жанабилова және ҚР ІІМ ҚАЖК сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бибігүл Мұнайтпасова Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесіне барды.

ҚБК және ҚАЖК өкілдері мекемедегі сотталғандардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, әкімшілік ғимаратты, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді және өндірістік аймақты аралап шықты.
Аймақтарды аралағаннан кейін, Ардақ Жанабилова жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдады.

– Заречный кентіндегі №57 мекемеге барған кезде сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Азаптау фактілері және ар-намысты қорлайтын басқа да шағымдар анықталған жоқ. Сапар қорытындысы бойынша мен ұсыныстар бердім, – деп атап өтті ҚБК төрағасы Ардақ Жанабилова.


Сонымен қатар ҚБК және ҚАЖК өкілдері РМКФ “Еңбек-Жауғашты” тігін цехында өндірілетін сотталғандарға арналған арнайы киімдердің сапасы және сотталғандардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексерді.

– Алматы облысы және Жетісу облысының мекемелеріне ҚБК, ҰАТ және басқа да құқық қорғау ұйымдарының келуі тұрақты негізде өтеді, бұл өз кезегінде мекемелердегі ашықтық пен заңдылықты көрсетеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру