Діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатқан шымкенттікке айыппұл салынды
Діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатқан шымкенттікке айыппұл салынды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, осы жылдың қараша айында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды.
Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153150 теңге көлемінде айыппұл салынды.