Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда діни кітаптар сатқан елорда тұрғыны ұсталды

Павлодарда діни кітаптар сатқан елорда тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Павлодар полицейлері дін саласында 20 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде баспа және өзге де діни өнімдерді заңсыз өткізгені үшін 2 факті, экстремистік материалдарды сақтағаны үшін – 18.

– Мысалы, 22 қарашада Павлодар облысы ПД Экстремизмге қарсы  іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында діни өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Павлодар қаласында  Н.Назарбаев даңғылында орналасқан дүкендердің бірінде Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны тиісті рұқсаты жоқ баспа діни өнімдерін сатумен айналысқан. 14 кітап тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дархан Сләмбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру