Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дөрекі жүргізуші заң алдында жауапқа тартылуда

Павлодарда өз қызметін атқарып тұрған полиция қызметкеріне дөрекілік танытқан тұрғын жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні Павлодар облысы патрульдік полиция батальонының барлық қызметтік автомобильдері бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған. Бұдан басқа, саптық бөлімшелердің әрбір қызметкерінде қызмет өткеру кезінде пайдалану міндетті болып табылатын төске тағатын бейнеожетондар бар. 

Сонымен қатар, осы құрылғылардағы жазба ақпарат қоймасына жіберілетінін атап өткен жөн.

Полицияда бейнетіркегіштер мен бейнежетондардың негізгі міндеті – қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде дәлелдеу базасымен қамтамасыз ету, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын сақтауды бақылау болып табылады.

Полиция қызметкерлерінің автокөлігіне орнатылған бейнетіркеу жүйесі сотта бұзушылық фактісін дәлелдеуге көмектескен жағдайлардың бірі 25 қыркүйекте Павлодарда болған. Кешке көшені күзеткен полиция қызметкерлері жүргізушілердің бірінің жасаған қылмысын анықтады. Полициямен әңгімелесу барысында жүргізуші өзін өте агрессивті ұстады, сондай-ақ әдепсіз сөйлеу және тәртіп сақшыларын қорлады – бұл бейнебақылау камерасының көмегімен тіркелді.

Ер адам жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылғаннан басқа, ол билік өкілдерін қорлағаны үшін де жазаланады.

Полицейлер азаматтарды жолдарда абай болуға, жол жүру ережелерін сақтауға, сондай-ақ тәртіп сақшыларымен сөйлескен кезде өзін дұрыс ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру