Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас бұзақылар қамауға алынды

Еңбекші ауданы Полиция қызметкерлері ішімдік ішіп, дене жарақатын салған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 22 қыркүйек күні Еңбекші ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында 2020 жылдың 21 қыркүйек күні түнгі шамамен сағат 21:00-де алкогольді ішімдік ішкен белгісіз екі адам оны ұрып, дене жарақатын салғанын көрсеткен. Сонымен қатар сол кезде қос тарап арасындағы төбелесті байқап қалған аумақтық учаскелік полиция инспекторы ажыратып жатқан кезінде жаңағы ішіп алған екі тұлға тәртіп сақшысына да күш қолданған.

Осылайша көмекке жетіп келген тәртіп сақшының әріптестері аталған екі азаматты ұстап, полицияға жеткізді. Олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда олар қамауға алынған.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) және 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру