Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дүкенде бомба!”: ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған

Алматы облысының полиция қызметкерлері жалған террористті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазан күні түскі уақытта Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментіне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Қарасай ауданы Абай ауылындағы дүкендердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол дүкеннен қарызға ішімдік сұраған, өтінішін орындаудан бас тартқан сатушыға ызаланып, 112 нөміріне қоңырау шалып, дүкенде бомба бар екенін хабарлаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау” бойынша тіркелді. Баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру