Дүкендер мен дәмханалар тексерілді
Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен қалалық полиция бөлімінің орынбасары Мақсат Шляшев қаладағы сауда орындарының, жазғы дәмханалардағы және шағын дүкендерді аралап, карантин режимін сақтау бойынша кезекті рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Айталық, 11 және 5-шағын ауданындағы жазғы дәмханалар мен шағын дүкендер, супермаркеттер тексерілді.
Нұржауған Қалауов дәмхана, супермаркет пен дүкен әкімшіліктеріне карантинге байланысты санитарлық тазалықты және бетперде режимін сақтау қажеттігін баса назарға алды.
Аралау кезінде ешқандай құқық бұзушылық анықталмады.