Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен киім ұрлағандардың әрекеті әшкереленді

Петропавлда дүкендерден жасалған бірнеше ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Петропавлдағы дүкендердің бірінде зат ұрлаудың үш фактісі тіркелді.


Қалалық Полиция басқармасының жедел уәкілдері ақшасын төлемей, екі рет зат ұрлаған 25 жасар әйелді ұстады. Наурыз айының басында полицейлер оны дүкеннен ұрлап алып шыққан куртканы сатпақшы болған жерінен ұстаған. Ұрланған заттар алынып, иелеріне қайтарылды. Үш апта өткен соң дүкенге қайта келіп, сол айласымен 20 мың теңгенің затын қолды қылған.


Облыс орталығының 19 жасар тұрғыны ұрлықтың басқа жолын ойлап тапқан. Ол осы дүкенде бірнеше киімді өлшеп киіп көріп, киім өлшейтін жерде чиптарын жұлып алып, тастап кеткен. Жаңа киімдердің сыртына өзінің курткасын киіп, шығып кеткен. Жас жігіт ұсталды.


Дүкен иесі полицияға арызданды. Күдіктінің екеуі де ұсталды. Ұсақ ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл екі жағдайдағы келтірілген шығынның орны толтырылып, тараптар келісімге келді.


ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабымен 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру