Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі адамды алдаған алаяқ әйел құрықталды

Маңғыстау полицейлері жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша алған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың 5 қазанында Ақтау қаласының тұрғыны полицияға келіп арыз жазған. Жәбірленуші арызында бір танысының 200 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастыруға көмектесуге уәде бергенін мәлімдеген.

Осыған ұқсас мәлімдемемен полицияға 26 қазанда қаланың тағы бір тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір танысы 200 мың теңге сомасында ақша алып, жұмысқа орналастыруға уәде берген және «делдал» өтініш берушіге жақын арада онымен хабарласатынын айтып, сол күйі байланысқа шықпай қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияға қоңырау шалыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру