Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреудің пәтеріне ұрлыққа түскен ұры ұсталды

Маңғыстау облысында біреудің пәтеріне заңсыз кіріп, мүлкін ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 15 қаңтарда белгісіз тұлға түнгі сағат 2-лер шамасында бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында жасырын, қасақана біреудің пәтеріне заңсыз кіріп, “Huawei” маркалы ұялы телефонын, “Samsung” маркалы планшетін, сондай-ақ сырт киім ұрлап, пәтер иесіне жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Түпқараған ауданының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам істеген әрекетін мойындап, одан айғақ заттар алынды. Тергеу амалдары өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру