Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер қырағылық танытты

Қостанайлық полицейлердің қырағылығы ресейлік әріптестеріне жергілікті тұрғыннан жарылғыш заттарды тәркілеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қаңтарда қостанайлық полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жарылғыш заттардың, атап айтқанда тротил шашкалары мен жандырғыш түтіктердің суреті бар жазбаны анықтады.

Қостанай облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу суреттің шығу тегін  тексеруге кірісті.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қостанайлық полицейлер фотосуреттің Ресей Федерациясының аумағында түсірілгенін, сондай-ақ жазба иесінің жеке басы мен жарылғыш заттарды сақтау орнын анықтады.

Бейбіт тұрғындар үшін ықтимал ауыр зардаптардың алдын алу мақсатында ақпарат ресейлік әріптестерге берілді.

Челябинск облысының полицейлері аталған ақпаратты тексеру шараларын ұйымдастырып, 13 қаңтарда Челябинск облысының Троицк қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, одан жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларға арналған компоненттер (тротил шашкалары, өрт түтіктері және өнеркәсіптік өндірістің электр тұтанғыш құрылғысы) тәркіленді.

Қостанай облысының ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісовтің айтуынша, Қостанай облысының ПД мен Челябинск облысы бойынша ІІМ арасында Шекаралас аумақтардың қылмысқа қарсы күресте өзара іс-қимыл жасасуы туралы ынтымақтастық бойынша жоспар бар, оның шеңберінде екі елдің ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Көріп отырғанымыздай, мұндай ынтымақтастық өзінің оң нәтижелерін беруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру