Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі алматылық қыз қалта ұрлығымен айналысқан

Екі алматылық қыз қалта ұрлығымен айналысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz

Медеу аудандық полиция қызметкерлері жеңіл жолмен ақша табатындарды ұстады. Олар бұрын сотты болған.

 

- Ауданымыздағы базарлардың бірінде қалта ұрлығын жасаған 28 жастағы Ф.есімді азаматша және 25 жастағы Б.есімді азаматша ұсталды. Олар жас қыздың қалтасынан iPhone 13 ұялы телефонын шығарып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде олардың қалта ұрлығының екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басы қаланың басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Сонымен қатар қаланың бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері белсенді түрде пайдаланылып жатыр, - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру