Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі атыраулық 6 тоннадан астам сұйықтық тасымалдаған

Атырау полицейлері  жанар-жағармай тасыған екі көлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Мақат ауданы аумағынан шыға берісінде екі “Газель” автокөліктерін тоқтатып, тексеріс барысында, көлік үстіне тиеп алған жанар-жағармай сұйықтықтары, сонымен қатар, сол сұйықтықты соруға және айдауға арналған құрылғыларды анықтады.

– Тексеріс барысында, қос көлік жүргізушілері 1984 және 1992 жылдары туған ер адамдарда жалпы салмағы 6,6 тонна сұйықтыққа қатысты ешқандай құжаттар болмай шықты. Тәркіленген жанар-жағармайға сараптама тағайындалды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің  197 бабы- “Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру