Екі Екібастұз тұрғыны өз еркімен қару тапсырды
Екі Екібастұз тұрғыны өз еркімен қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықтан заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын сатып алу акциясы жалғасуда.
– 38 жастағы екібастұздық атасының өлімінен кейін үйінен табылған тіркелмеген ойық қару – «ТОЗ» маркалы, калибрі 5,6 мм мылтықты өз еркімен тапсырған. 21 жастағы жас жігіт Екібастұз қаласының Полиция басқармасына Лесхоз кентінің жанындағы көлдің жанынан табылған тіркелмеген ойық мылтықты өз еркімен тапсыру мәселесі бойынша жүгінді. Мылтықтар ІІМ базалары бойынша тексерілді. Аталған қару 2 санат бойынша сатып алуға жатады. Сараптама жүргізілгеннен кейін берілген шотқа тапсырған әрбір адамға 107 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы аударылатын болады, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолданумен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 25 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын сатып алу акциясы өткізілуде. Барлық қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыруға 6 млн теңгеден астам сомаға ақшалай өтемақы бөлінді. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы белгіленеді.