Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі көлік соқтығысып,ортасында қалған жаяу жүргіншіні куәгер аман алып қалды

2019 жылы 8 қыркүйекте сағат 15:40 шамасында Ақтөбе қаласында М.Оспанов көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысында жол көлік оқиғасы орын алып, «Toyota Camry» автокөлігі ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, «Мир» бизнес орталығының автотұрағынан шыққан «Toyota Rav4» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Автотұрқата тұрған жаяу жүргінші қысылып, аяғы зақымданған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарын алған. Жақын маңайда болған жас жігіт, Ақтөбе қаласының тұрғыны Еркебұлан Симанов жол-көлік оқиғасының куәгері болып, алғашқы көмекке жүгінді.
Жаяу жүргінші екі көліктің арасында қысылып қалғанын байқаған Еркебұлан абдырап қалған «Тойота» жүргізушісі, жас қыздың көлігіне жүргізуші орнына өзі отырып, артқа жүргізіп, жәбірленушіден көп қан кетіп жатқанын көрген ол дереу оның аяғын белдігімен байлап, көп қан кету қаупінің алдын алған.
Салтанатты түрде Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Самат Аисов Е. Симановқа адам құтқару кезіндегі ерлік әрекеттері үшін алғысын білдіріп, құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру