Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі тәулікте 11 қылмыскер табылды

СҚО полицейлері екі тәулік ішінде 11 қылмыскер мен бір із-түссіз жоғалған әйелді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі тәулік ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер 11 қылмыскерді ұстады, оның жетеуі ТМД елдеріндегі әріптестерімен іздеу жарияланғандар. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалған әйелдің жүрген жері анықталды. Бұл 16-17 қыркүйек аралығында өткізілген “Іздестіру” халықаралық жедел-іздестіру іс-шарасы аясында жедел уәкілдердің атқарған жұмысының нәтижесі.

“Іздестіру” барысында Айыртау ауданының полиция бөлімі қызметкерлері 1978 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады.

Бұрын бірнеше рет сотталған ер адам СҚО тұрғындарының біріне денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша күдікті ретінде іздеуде болған. Қылмыс жаздың басында аудан орталығы Саумалкөлде жасалған. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде айыртаулық полицейлер күдіктіні Ақмола облысының аумағында ұстады. Қазір ол уақытша қамауда ұстау изоляторында, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде із-түзсіз жоғалған Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғынының жүрген жері анықталды. 14 қыркүйек полицияға анасының 11 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, оралмағанын айтып қызы жүгінген. Оның есте сақтау қабілеті нашар екен. Іздеуге қалалық және облыстық полицияның барлық жеке құрамы бағдарланды.

Белгілері көрсетілген фотосуреті учаскелік полиция пункттеріне және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді. Еріктілер әлеуметтік желілерге бағдарларды орналастырып, іздеуге қосылды. Полицейлермен тұрғылықты ауданы, сапаржай мен темір жол вокзалы маңы, медициналық мекемелер тексеріліп, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар сұрастырылды. 17 қыркүйек күні әйел аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұлов айтып өткендей, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 74 адам із-түзсіз жоғалған. Оның ішінде 27 адамның тұрғылықты жері анықталды, яғни алтауы “өткен жылдар” санатынан, 21-і биыл іздеу жарияланғандар. Полицейлердің қылмыскерлерді және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жөнінідегі күн сайынғы жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру