Екі жігіт кәсіпорынға ұрлыққа түсті
Қарағанды облысында 350 дана респираторды ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 сәуірде белгісіз біреулер Қарағандыдағы бір кәсіпорынның аумағынан 350 дана респиратор ұрлаған.
23 маусымда Қарағанды облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар 27 және 20 жастағы ер адамдар болып шықты. Мойындау көрсетпелерін берді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі «Бөтеннің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.