Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздестіруші ит зейнеткерлікке жіберілді

Іздестіруші ит Павлодар облысынан Нұр-Сұлтанға зейнеткерлікке жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық кинологтар есірткіні іздеуге маманданған “Рио” лақап аты бар ламбрадор нәтижелі іздестірудегі иттердің бірін зейнетке жібереді.

Рионың арқасында алты жыл ішінде 200-ге жуық түрлі қылмыс ашылды.

Павлодар облысының кинологиялық қызметінде хабарлағандай, Рио күшік кезінде қызметке алынды, 2012 жылға дейін ол Алматыда үйретіліп, 2014 жылдан бастап Павлодарда жұмыс істей бастады.

– Иттерді, нағыз мамандарды өз ісінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін не нұсқаушылар үйіне алып кетеді, не оларды жақсы қолға табыстайды, – деді полицейлер. – Атап айтқанда, Рионы өзінің бұрынғы әріптесі Ернұр Әмірханов алып кетеді. Қазір Ернұр Нұр-Сұлтан ПД-да жұмыс істейді.

Сарапшылардың пікірінше, бірде-бір техникалық құрал жарылғыш заттар, есірткі немесе қару жасырылған жерді 98% – ға дейінгі дәлдікпен анықтауға қабілетті иттің іздеуімен салыстырылмайды. 

– Күн сайын иттермен бірге тонау орындарын тексеріп, із-түзсіз жоғалған адамдардың ізіне түсуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге тура келеді, – деп түсіндірді полицейлер. – 2020 жылдың басынан бері қызметтік иттер Павлодар облысының аумағында 139 қылмысты ашуға қатысты.

Ең жас қызметтік ит “Боран” биылғы жылдың басынан бастап өз міндеттеріне кірісіп кетті. Шағын тәжірибеге қарамастан, жаңадан келген ит жақсы нәтиже көрсетіп отыр, оның есебінде бес ашылған қылмыс бар.

– 7 маусымда “Ертіс” бақылау бекетінде маршруттық автобус салонын тексеру барысында Боран жолаушылардың бірінің шалбарының оң жақ қалтасын белгіледі, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз орталығы. -Оң жақ қалтасынан тексеру кезінде 21 жастағы жігіттен өсімдік тектес сұр-жасыл зат салынған қағаз орамасы табылып, тәркіленді. Дерек бойынша ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының полиция департаментінде барлығы 36 қызметтік-іздеу иттері қызмет етуде, оның ішінде 13 – і қалалық және аудандық полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру