Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі жігіт кәсіпорынға ұрлыққа түсті

Қарағанды облысында 350 дана респираторды ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуірде белгісіз біреулер Қарағандыдағы бір кәсіпорынның аумағынан 350 дана респиратор ұрлаған.

23 маусымда Қарағанды ​​облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар 27 және 20 жастағы ер адамдар болып шықты. Мойындау көрсетпелерін берді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі “Бөтеннің мүлкін ұрлау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру