Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел бас бостандығынан айырылды
Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Екібастұз қаласының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірі есірткі заттарын алуға бара жатқаны туралы жедел ақпарат алды. Сондай-ақ полицейлерге қала тұрғыны қайда кеткенін хабарлады.
– Қажетті іс-шараларды жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Марғұлан көшесінің көлік жүретін бөлігінде жедел уәкілдер аталған әйел отырған Mazda маркалы автокөлікті анықтап, ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде онда жалпы салмағы 8 896 грамм болатын «кептірілген марихуана» бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісі Данияр Дәуітбековке тапсырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мұқият тергеуден кейін, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынының есірткі заттарын сататын курьер ретінде тұрып, геолакация арқылы интернет-сайттарының бірінен қала шетінде есірткі затын сататын жерді тауып, сосын оны алған. Сондай-ақ, шын мәнінде, әйел бұл есірткі затын өзі пайдалануы үшін алған.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес, сотпен есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін қала тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Павлодар облысының полицейлері 106 есірткі қылмысын анықтады