Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша жұмыс жасауда

Ақтөбелік полицейлер “қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының, Ішкі істер министрінің сервистік жұмыс үлгісіне көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Ақтөбе облысының Полиция департаменті “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын іске асыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды ұйымдастырды.

– Сервистік модель – бұл полицияның, алдын алу субъектілерінің және жұртшылықтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу жөніндегі бірлескен қызметі, – деп атап өтті Департамент бастығы Атығай Арыстанов.

Бірінші кезекте, ол азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге және олардың хабарламаларына жедел ден қою, сондай-ақ халықпен тығыз байланыс орнатуға бағытталған, өйткені қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары аса маңызға ие.

Осы мақсатта, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ағымдағы жылы облыс орталығының адамдар көп шоғырланатын орындарында 5 стационарлық полиция бекеті ашылды, мұнда облыс тұрғындары қандай да бір мәселелерін шешу мақсатында тәулік бойы жүгіне алады.

ІІМ басшылығы учаскелік полиция инспекторлары жұмысының сапасын арттыруға, олардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударуда.

– Бүгінгі таңда барлық учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері қызметтік автокөлікпен, компьютерлік техникамен, электрондық планшеттермен қамтамасыз етілген, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді, – деп жалғастырды Департамент басшысы.

Әкімдердің қолдауымен ағымдағы жылы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында, Мәртөк ауданының Мәртөк және Вознесеновка ауылдарында және Хромтау ауданының Көктау ауылында барлық талаптарға сай келетін 4 учаскелік полиция пункті қосымша салынып, пайдалануға берілді.

“Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында алдағы 4 жылда тағы 16 учаскелік полиция пункті мен модульдік үлгідегі 12 стационарлық полиция бекетін салу көзделіп отыр.

Ағымдағы жылы ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысы санатына қарай 20%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ағымдағы тұрғын үй төлемдері төленетін лауазымдар тізбесі көбейді. Онда тұрғын үйге мұқтаж полиция қызметкерлері ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы алуға мүмкіндігі бар.

– Осылайша, полиция қызметкерлерінің жұмысына қойылатын жоғары талаптардан басқа, Ішкі істер министрлігі полицейлердің мәртебесін арттыру, олардың әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда, – деп қорытындылады Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру