Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сөмкесінде салмағы 1 келіден асатын марихуананы алып жүрген шымкенттік ұсталды

Сөмкесінде салмағы 1 келіден асатын марихуананы алып жүрген шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында есірткі заттарын заңсыз сақтау жайтын анықтады.

Полиция қызметкерлері жедел алынған ақпарат бойынша қала тұрғынын Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданында анықтады. Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтың сөмкесінде есірткі заты бар пакет табылды. Тиісті сараптама нәтижелері бойынша табылған есірткі заты салмағы 1058 граммды құрайтын марихуана екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру