Екібастұзда автобуста кондуктор мен бақылаушы төбелесіп қалды
Екібастұзда автобуста кондуктор мен бақылаушы төбелесіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз полициясына автобуста болған оқиға бойынша хабарлама келіп түсті. Бұл факті 2 мамырда орын алды. Учаскелік полиция инспекторы анықтағандай, маршруттық автобустардың бірінде кондуктор жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтады – абонементі болмаған.
Анықталған заң бұзушылыққа байланысты 56 жастағы кондуктор мен 36 жастағы бақылаушы арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан кондуктор ауруханаға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
– Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.