Екібастұзда жаңа жиһаз аламын деген әйел алаяқтың қармағына түсіп қалды
Екібастұз тұрғыны интернеттен диван сатып алғысы келіп, алаяқтың қармағына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленуші түсіндіргендей, интернетте жиһаз сату туралы хабарландыруды көрген. Ол сатушымен байланысқа шығып, сатып алу туралы уағдаласып, алдын ала төлем ретінде 70 мың теңге аударған.
Алаяқ 58 жастағы әйелге диванды тікелей үйге жеткізуге уәде берді. Алайда уақыт өткен сайын уәде етілген жиһазды ешкім әкелмеген. Содан кейін әйел көмек сұрап полицияға жүгінді.
Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.