Екібастұздық полицейлер бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты
Екібастұздық полицейлер бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ кадр саясаты қызметкерлері халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қалалық мәдениет орталығында өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға ішкі істер органдарына қызметке, Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсу тәртібі мен шарттары туралы түсіндіріп, кеңес берді, полиция басқармасындағы бос орындар туралы хабардар етті.
– Мұндай бос орындар жәрмеңкелері тұрақты негізде өткізіледі. Алдыңғы жәрмеңкеде кадр қызметінің қызметкерлеріне колледжді Құқықтану мамандығы бойынша бітірген екі студент жүгінді. Бүгінгі таңда екі түлек Екібастұз қаласының Полиция басқармасында жастар тәжірибесі бойынша жұмыс істейді. Алынған тәжірибе болашақта қандай бағыт бойынша оқуды жалғастыру немесе тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу керектігін анықтайды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Дархан Нысанбеков.
Барлық тілек білдірушілерге полицейлер Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі, 99 мекенжайы бойынша және 8 (7187) 75-05-35 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болатынын еске салады.