Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елдегі қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ІІМ дайындайтын болады

Елдегі қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ІІМ дайындайтын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елдегі қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ІІМ дайындайтын болады. Мұндай инновацияны Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы ұсынады. Оны тәуелсіз сарапшылардың бағалауы түріндегі баламалы ақпарат тетіктері сүйемелдейтін болады.

Жаңа Ұлттық баяндама уәкілетті органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді деп болжануда. Мұндай топтастырылған шешім ІІМ-де мемлекеттік органдармен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесуде Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын талқылау кезінде қабылданды.

Кездесуге қатысушылар жергілікті қоғамдастықтармен әріптестіктің жаңа жүйесін құру және профилактиканың әрбір субъектісінің ортақ жауапкершілігін белгілеу бойынша жобаға енгізілген шараларды оң қабылдады.

Қауіпсіздік деңгейі бойынша өңірлер рейтингін жүргізу туралы ұсыныстар түсті.

Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «нашар» кәсіпкерлердің қызметін сот арқылы шектеуге мүмкіндік беретін жергілікті қоғамдастықтардың құзыреті мен өкілеттіктерін заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Тұжырымдама шеңберінде сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңға бағынатын мінез-құлықты насихаттау жөніндегі арнайы жобалар арқылы ҮЕҰ және еріктілермен әріптестікті дамыту қарастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру